Жарияланды: 680

Еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі рейтингтік агенттіктер экономика мен қаржы секторын қолдауға бағытталған үкіметтің шараларын лайықты бағалайды деп үміттенеді (толық нұсқасы)

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов рейтингтік агенттіктер экономика мен қаржы секторын қолдауға бағытталған үкіметтің шараларын лайықты бағалайды деп үміттенеді. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында мәліңм етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұпрын да хабарлағанымыздай, жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті. "Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл Жалпы ішкі өнімнің 15% тең. Бұл осы кезеңде бізге жаңа секіріс жасауға мүмкіндік беретін және сыртқы нарықтың кері әсерін жұмсартуға жол ашатын қомақты қаржы", -деді Кәрім Мәсімов. "Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, бізге Ұлттық қордан $10 млрд дейінгі қаржыны экономиканы дамыту мақсатына жұмсауға рұқсат берілді. Оның $5 млрд - "Самұрық - Қазына" қорының капиталын арттыруға жұмсалады",-деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін