Жарияланды: 410

Еліміздің кейбір бөліктерінде ауаның температурасы -8 градусқа дейін төмендейді

"Қазгидромет" РМК республиканың солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде ауаның температурасы төмендеп, қар жауатындығы туралы алдын-ала ескерту жариялайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Айталық, 7-8-қазан күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Бұл облыстарда ауаның температурасы -3 - - 8 градусқа дейін, ал күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді. 8-қазанда Қарағанды облысында да күн райының осындай ахуалы қалыптасады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін