Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +40 градустан жоғары болады
![]() |
Синоптиктер алдағы үш күнге (22-24 маусым) арналған ауа райы болжамы жасады. |
Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар көшуде. Осылармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды желдің күші 15-25 м/с болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуімен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болып сақталады.
Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, осында күндізгі ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін