Еліміздің оңтүстік өңірлері мен Павлодар облысында 457 мың гектар алқаптан түсім жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстік өңірлері мен Павлодар облысында 457 мың гектар алқаптан түсім жиналды

Еліміздің оңтүстік өңірлері мен Павлодар облысында 457 мың гектар алқаптан түсім жиналды

4-тамыздағы жағдаймен Еліміздің оңтүстік өңірлері мен Павлодар облысында 457 мың гектар алқаптан түсім жиналды,- деп хабарлайды ҚР ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен. Бұл осы облыстардағы барлық тұқым себілген алқаптардың 26,3 процентіне тең. Жиналған түсім 804 мың тоннаны құрайды. Астық дақылдарының орташа түсімі әрбір гектардан 17,6 центнерді құрады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 437
Фото - Caravan.kz

Күн райының қолайсыздығына байланысты биылғы орақ науқанының күнтізбелік жоспары кешеуілдеп отыр. Айталық, 2002-жылғы 4-тамызда егістік алқаптарының 35,7 процентіне орақ түсіп, 1158,5 мың тонна астық жиналған . Ал өткен жылғы орташа түсім әрбір гектардан 19,3 центнерге жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар