Еліміздің сыртқы істер министрлігі қырғыз билігінің Атамбаевтың Қазақстанды айыптаған мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің сыртқы істер министрлігі қырғыз билігінің Атамбаевтың Қазақстанды айыптаған мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр

Еліміздің сыртқы істер министрлігі қырғыз билігінің Атамбаевтың Қазақстанды айыптаған мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2010 жылы шекараның оқшауланып қалғаны үшін Қазақстанды айыптаған еді. Ал шекараның оқшаулануы адамдар өліміне әкеп соққан. Бұл туралы ол Брюссельде Euronews телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

  • 20 Ақпан 2017
  • 1272
Фото - Caravan.kz

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Алмазбек Атамбаевтың осы мәлімдемесіне қатысты қандай әрекет жасап жатқандары туралы айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. "Біз Қырғызстан президентінің бұл пікіріне назар аудардық. Қазір мұны қырғыз тарапының түсіндіруін күтіп отырмыз" дейді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Қырғызстан президенті 17 ақпанда егер өз елі Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кірмегенде, тағы да оқшауланып қалуы мүмкін екенін айтқан еді. "2010 жылы Қазақстан бізді 1,5 айға оқшаулап тастады. Сол кезде бізде тіпті адамдар өлімі де болды" деді Алмазбек Атамбаев.    

Айта кетейік, Қырғызстан ЕАЭО-ға 2015 жылдың тамыз айында толыққанды мүше болды. 


Соңғы жаңалықтар