Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтті

Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтті

Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтті.

  • 25 Қазан 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

24-25 қазан Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында «QDigitalInform» семинары өтті. Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырды.

Семинар қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында жастардың, мемлекеттік қызметкерлер мен қызығушылық білдірген тұлғалардың қатысуымен өтті.

Отандастарымыздың кибер кеңістікте қандай бағытта және қандай екпінмен орын алатыны туралы Шымкент қаласы бойынша ақпараттық-технологиялық орталығының Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының маманы Ерқұлан Бармағанбетов баяндап берді. Блокчейн технологиясын криптовалюта айналымында ғана қолданбай, сонымен қатар мемлекеттік басқару мен бизнес саласында пайдалану әдістері туралы жүйелік-техникалық қызмет көрсету басқармасының бас инженері Маржан Сәбден айта кетті.

«Қазақстанның барлық заманауи ұйымдарында ақпаратты басқарудағы, алмастыру мен сақтаудағы маңызды рөлді электронды құжат айналымы жүйесі атқарады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маңызды фактор болып табылады. Бірінші кезекте бұл ақпарат жастарға, сонымен қатар салалық мамандар мен мемлекеттік қызметкерлерге маңызды екенін аңғару қажет», — деді Маржан Сәбден.

«Осындай семинарлар Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларында өтті. Сонымен қатар, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларының тұрғындарына ұйымдастыру жоспарымыз бар», — деп ұйымдастырушылар ойымен бөлісті.


 

Анықтама үшін:

«QDigital Inform» − қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асыру мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

Соңғы жаңалықтар