Елімізге Италияның еңбек одағының өкілдері келді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге Италияның еңбек одағының өкілдері келді

Елімізге Италияның еңбек одағының өкілдері келді

Бүгін, 24-маусымда Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының шақыруымен Италияның еңбек одағының өкілдері Алматыға келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне федерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Маусым 2005
  • 436
Фото - Caravan.kz

Өкілдерді ұйымның бас хатшысы Луиджи Анджелетти басқарады.

Италияның еңбек одағының өкілдері Алматы мен Астанада кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесіп, ҚР мәдениет, ақпарат және спорт, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау министрлігінде болады.
28-маусымда Астанада Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының жетекшілері Италияның еңбек одағының өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер барысында еңбеккерлер құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту проблемалары талқыланады.
Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының жетекшілері мен Италияның еңбек одағы арасында достық байланыс туралы хаттамаға қол қойылады.
Бұл одақ Италиядағы ең ірі кәсіподақ орталығы болып табылады.