Қалалық жерді қорғау, пайдалануды бақылау және жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нүркеновтің айтуынша, заң бойынша өтініштер қабылданғанымен, үй салу үшін үлестірілетін сүйем жер жоқ көрінеді.
— Тиісті заң шеңберінде біз ел азаматтарының кез-келгенінен 10 соттық көлемдегі тегін жер телімін алу үшін өтініштер қабылдауға міндеттіміз. Осыған орай, біз осы күндері өтініштер қабылдаудамыз. Ал енді бекітілген бас жоспарға сүйенсек, 2030 жылға дейін 15 мың жер учаскесі беріледі деп нақтыланған. Одан кейінгі жағдай қалай болатыны белгісіз. Бұл мәселе Астана қаласына ғана қатысты, — деді Т. Нүркенов.
Естеріңізге сала кетейік, Сарыарқа ауданы әкімдігінде жерге өтініш тапсырушылар кезегі көбейгені соншалық, қоғамда түрлі алыпқашпс әңгімелер тараған болатын. Кезек саны мыңнан асқанымен кешегі күні мамандар қабылдаған өтініш 707-ні құраған.