Сенбі, 11 маусым күні олар көк байрақты желбіретіп, Астананың бас көшелерімен жүріп өтті.
Тілендиев даңғылынан «Бәйтерек» монументіне дейін жүріп өткен автокеруен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деген жазуы бар, көк байрақ пен басқа да рәміздер бейнеленген стикерлермен безендірілді.
Альянстың вице-жетекшісі Асқар Абдоллаевтың айтуынша, бұл автошерудің басты мақсаты — қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үндеу, рәміздерді «патриотизмнің және өз елімізді мақтан етудің маңызды құндылықтары ретінде» қарастыру.
Мұндай шара осының алдында Қостанайда Патриоттар форумының аясында өткізілген болатын.