Елорда дамуының бас жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы тыңдаулар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда дамуының бас жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы тыңдаулар өтеді

Елорда дамуының бас жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы тыңдаулар өтеді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мен «Асана қаласының бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС бірлесіп елорданың 2030 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын түзету бойынша жұмыстар жүргізді, деп хабарлады  astana.gov.kz.

  • 10 Ақпан 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының бас жоспарын өзгерту қажеттілігі ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, жаңа теміржол вокзалының, кіші айналма магистралінің, БРТ сызбасының және т.б. жобалық шешімдердің орнының өзгеруі, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық пен оны өткізуге байланысты көлік және инженерлік инфрақұрылымын осы жобаға сәйкестендіру қажеттігінен туындады.

Осыған байланысты жобаны әзірлеушілер 10 — 12 ақпанда мемлекеттік органдардың өкілдері, тұрғындар мен қоғамдық ұйымдар арасында қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 10 ақпанда «Алматы» ауданының әкімдігі, 11 ақпанда «Есіл» ауданының әкімдігі және 12 ақпанда «Сарыарқа» ауданының әкімдігі үшін тыңдаулар ұйымдастырылады.