Елорда Көкпектіге 10 млн. теңгенің гуманитарлық жүгін жөнелтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда Көкпектіге 10 млн. теңгенің гуманитарлық жүгін жөнелтті

Елорда Көкпектіге 10 млн. теңгенің гуманитарлық жүгін жөнелтті

Бүгін елордадан су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының Көкпекті ауылы тұрғындарына 10 млн. теңгеден астам қаржының гуманитарлық жүгі жөнелтілд

  • 3 Сәуiр 2014
  • 497
Фото - Caravan.kz

«Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің тапсырмасымен қала әкімдігі қайырымдылық көмекті жинауға қайғылы оқиға орын алған күннен бастап кірісті. Бұл ретте осындай жағдайларға тән көзге көрінетін және көзге көрінбейтін факторлар кешені ескерілді. Сондықтан қайырымдылық көмек азық-түлік пен материалдық тауарлар түрінде көрсетіліп отыр», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков.


Оның сөзіне қарағанда, жиналған азық-түлік пен материалдық тауарлардың жалпы салмағы 20 тоннаны құрайды.

«Біз жинаған тауарлар 200-ден астам адамның айлық қажеттілігіне толығымен жетеді», — деді ол.