Елорда жұрты енді жаңа, жылдам, жайлы автобустармен жүретін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда жұрты енді жаңа, жылдам, жайлы автобустармен жүретін болады

Елорда жұрты енді жаңа, жылдам, жайлы автобустармен жүретін болады

Бүгін Астанада қоғамдық көлік жұмысын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен ахуалдар мәселесі жөніндегі мәслихаттың кезекті сессиясына дайындық аясында «BRT. Жылдам жүретін автобустар тасымалы» жобасы таныстырылды. Іс-шара барысында аталған көлік құралының артықшылықтары жайлы айтылды.

  • 14 Ақпан 2014
  • 354
Фото - Caravan.kz


«BRT — көп адамды тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыруға ықпал ету, BRT — бұл көліктен гөрі, адамдарға лайықты формат. BRT — көлік құралына арналған дауа. Оның сапасын, ұтқырлығын, қауіпсіздігін, сәулетін, жайлылығын көрген жұрт қоғамдық көлікті жиі пайдаланатын болады», — деді «Астана LRT» ЖШС Басқарма төрағасы Талғат Ардан.
Айта кетейік, BRT — жеке жолдар инфрақұрылымын құру, тез әрі жиі жүретін рейстермен қамтамасыз ету арқылы жедел, ыңғайлы және тиімді қалалық көлік жүйесі.
Аталған жоба Астанада 2015 жылдан бастап енгізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.