Осымен тоғызыншы мәрте өтетін мерекелік циркке халықаралық деңгейдегі үздік шеберлер атсалыспақ. Биылғы қойылымның басты ерекшелігі сол, Астанада тұңғыш рет керік пен мүйізтұмсық өнер көрсетеді. Сондай-ақ үйретілген аюлар мен маймылдар да манежге шығады.
Ерік Жолжақсынов, Астана циркінің бас директоры: — Адам мен жануарлар арасында қарым-қатынас пайда болады. олардың айтқан сөзді түсінеді, ал біз оларға мән бермейміз. Олар да адам сияқты. Сүйіспеншілікті балалардың жануарға деген, тіпті, ересек адамдардың жануарларға деген сүйіспеншілігі циркте ғана пайда болады.