Елордада Астана күні 79 сәби дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада Астана күні 79 сәби дүниеге келді

Елордада Астана күні 79 сәби дүниеге келді

Астана күні аясында елордада 100-ден астам мерекелік шара өтті.

  • 7 Шiлде 2015
  • 530
Фото - Caravan.kz

Дәстүрлі мерекелік бағдарламалардан бөлек қала тұрғындары мен қонақтары жауынгерлік өнер фестивалін, үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалін, иллюзионистер шоуы мен «Нұрлы Есіл» лазерлік-пиротехникалық шоуын тамашалады. 

Қала көшелерінде этноауылдар мен ЗD қалашықтар тігіліп, Есіл өзенінің жағалауында түрлі ұлттардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік болды. Астана аспанында жүздеген шар мен батпырауық қалықтап, саябақтарда ауқымды фестивальдар мен халықтық серуен өтті.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, биыл Астана күнінде елордада 79 сәби дүние есігін ашты, соның ішінде 28 қыз, 51 ұл. Айта кетейік, былтыр осы күні 61 сәби: 33 ұл және 28 қыз туған болатын, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.


2015 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Астана қаласы тұрғындарының саны 860368 адамды құрады, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша — 380449 (44,2%), «Есіл» ауданында  — 130669 (15,2%), «Сарыарқа» ауданында — 349250 (40,6%) адам.