Елордада бүлдіршіндерге арналған «Туған күніңмен, Астана!» балалар мерекесі өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада бүлдіршіндерге арналған «Туған күніңмен, Астана!» балалар мерекесі өткізілді

Елордада бүлдіршіндерге арналған «Туған күніңмен, Астана!» балалар мерекесі өткізілді

Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында елорда күні мерекесінің қарсаңында қаланың кішкентай бүлдіршіндеріне «Туған күніңмен, Астана!» балалар мерекесі өткізілді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 656
Фото - Caravan.kz

Қазақ халқының аңыздары мен ертегілері, Қазақстанның бас қаласы — Астана туралы әндер мен өлеңдер, достық пен бақытты балалық шақ жайында баяндайтын балалар мерекесі қалалық № 20 «Арайлым» балабақшасының ұжымымен бірлесе дайындалды.

Шара кезінде мектепке дейінгі балалардың дамуы үшін алуан байқаулар ұйымдастырылды. Оларды түрлі халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстырып, түрлі мәдениетке құрметпен қарауға, төзімділікке тәрбиелейтін сахналық көріністер де қойылды. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тарту етілді.

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпованың айтуынша, мұражай мектепке дейінгі мекемелермен ынтымақтастық негізде жұмыс жасауды игі дәстүрге айналдырған.

«Биік өнегелік қасиеттер тұлғаның мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатыны сөзсіз. Баланың қоршаған ортаға құрметпен қарым-қатынас жасауы — олардың бірте-бірте патриоттық сезімдерінің қалыптасып, балабақшаға, туған жеріне, еліне деген махаббаттың бекуіне ықпал етеді», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар