Бұл туралы Қала өмірі тіршілігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімі хабарлады деп мәлім етті Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда Есіл өзеніндегі кеме жүзу бағдарының ұзындығы 9 шақырымға шақ. Кәсіпорын флотында сегіз кеме қызмет көрсетуге сақадай-сай дайын. Оның қатарында сыйымдылығы 69, 60, 32 және 45 адамдық 5 жайлы жолаушылар кемесі, сонымен қатар құтқару катерлері мен сүйреуіш кемелер бар.
Қазіргі уақытта Астанада «Кенесары» және «Рэдиссон» атты 2 айлақ құрылған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін айлақ саялы шатырмен жабылған 8 жайлы қалқымалы айлақпен жабдықталған.