Жарияланды: 30

Елордада камералар «қауіпті автокөлікті» анықтайтын болады

Елордада камералар «қауіпті автокөлікті» анықтайтын болады

Жүргізуші куәлігінен айырылған иелерің көлік құралдарының нөмірлері жүйеге енгізіледі.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Тelegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Егер жолдағы камералар соңдай көліктерді анықтаса, онда олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі. Жүйенің мүмкіндіктері ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді, - деп жазды ол.

Әрі қарай, осындай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады.

Екі аптадан астам уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізгені үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың 9-ы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Біздің басты міндетіміз - қаланы одан да қауіпсіз және жайлы ету, - деп жазды Бектұрова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін