Елордада коронавирус қайта өрши бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада коронавирус қайта өрши бастады

Елордада коронавирус қайта өрши бастады

Елордада соңғы аптада коронавирус жұқтыру жағдайы 7 пайызға артты.

  • 15 Маусым 2021
  • 263
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Қазақстанда 15 маусымға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 402 996 науқас, ал КВИ минуспен 56 705 жағдай тіркелген. Пациенттердің шамамен 94 пайызы жазылып шықты. 6 маусымнан бері Қазақстан Республикасы жасыл аймақта тұр. «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Бұған қоса, өткен аптамен салыстырғанда науқастану өсімі 7 пайызға артып, 1 365-те 1461 жағдайға дейін жетті. Ал қалған өңірлер «жасыл» және «сары» аймақта жатыр»,- деді министр.

Оның дерегінше, елімізді соңғы апт ішінде КВИ-дің анықталған жағдайы 16 пайызға азайды.


«Республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындарының жүктемесі 15 маусымда 23 пайызға, ал жансақтау төсек-орындарының саны 21 пайызға қысқарды», — деді Алексей Цой.

Соңғы жаңалықтар