Елордада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салынатыны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салынатыны рас па?

Елордада коронавирус жұқтырған дәрігерлерге 880 мың теңге айыппұл салынатыны рас па?

Елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін қадағалау комитетінің өкілі әлеуметтік желіде таралған жазбаны жоққа шығарды. Онда коронавирус жұқтырған дәрігерлер 880 мың теңгелік айыппұл арқалайтыны айтылған.

  • 2 Қараша 2020
  • 39
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды stan.kz.-ке сілтеме жасап. 

Өзін елордалық дәрігер деп таныстырған желі қолданушысы коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер жазаланады деп айтыпты. Алайда ресми өкілдердің жауабына сүйенсек, комитеттегілер де, денсаулық сақтау министрлігі де мұндай ереже жарияламаған. 

"Бұл — жалған ақпарат. Мен осы жазбаны жариялаған дәрігермен жеке сөйлесіп, мәселені анықтап алдым. Енді тиісті шараны Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қабылдайды. Бізде мұндай заң болған емес және болмайды деп кесіп айта аламын. Біз әрбір дәрігердің еңбегін жоғары бағалаймыз. Себебі ақ халаттылар пандемия кезінде халықтың денсаулығы үшін майданның алдыңғы шебінде жүр", — деді тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. 

Соңғы жаңалықтар