Жарияланды: 270

Елордада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Астанада салынып жатқан пәтерлер саны азайып, оның есесіне, жекеменшік үйлер құрылысы ұлғайды. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.

Статистика департаментінің мәліметінше, 2012 жылдың қаңтары мен қазаны арасында елордада жалпы көлемі 1 млн. шаршы метрден астам 11 049 пәтер пайдалануға берілген. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9 % төмен. «Жеке үй салушылар аталған мерзімде жалпы көлемі 40 мың шаршы метрден астам үй салған. Бұл 2011 жылдың қаңтар-қазан айлары деңгейімен салыстырғанда 102,9%-ды құрайды. Сонымен, жеке үй салушылардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 3,5%-дан 3,9%-ға өсіп отыр», - деп мәлімдейді Статистика департаменті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін