Елордадағы жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 542.03
  • 627.29
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордадағы жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханада жатыр

Елордадағы жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханада жатыр

Ведомство мәліметінше, түрлі деңгейде күйік шалып, орташа деңгейде газға уланып қалған пациенттер №1 және 2 қалалық көпбейінді ауруханаға, ал жарақат алып, миы шайқалған науқастар қалалық ауруханалардың бейінді бөлімшелеріне жатқызылған.

  • 22 Қараша 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

Елордадағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Барлығы 35 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық стационарларға жеткізілді. Медицина мамандарының тексеруінен кейін 23 адам ауруханаға жатқызылып, жеңіл-желпі жарақат алған 11 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді», – деп жазылған хабарламада.