Елтаңба авторы ауыл мешітінің жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елтаңба авторы ауыл мешітінің жобасын жасады

Елтаңба авторы ауыл мешітінің жобасын жасады

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекенінде Алла үйі - мешіттің іргетасы қаланды.

  • 15 Мамыр 2014
  • 1344
Фото - Caravan.kz


"Мешіт демеушісі — Нұрылда Тәліпов. Мешіттің нобай-сызбасын жерлесіміз, аталмыш ауылдың тумасы, ҚР Елтаңбасы авторларының бірі — Жандарбек Мәлібекұлы жасады", — деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Мешіт үйінде бір мезгілде 100 адам емін-еркін сыяды. Н.Тәліпов ұзақ жылдар бойы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып, бүгінде кезекті еңбек демалысына шыққан зейнеткер. Астана қаласына қоныс аударса да, туған ауылы — Еңбектен имандылық үйін салуға көңіл бөлді. Алла қаласа, имандылық үйі биылғы жазда маусым айының соңына таман халық игілігіне беріледі деп күтілуде.