Елжан Біртанов: Пневмониямен ауырғандарда коронавирус анықталған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елжан Біртанов: Пневмониямен ауырғандарда коронавирус анықталған жоқ

Елжан Біртанов: Пневмониямен ауырғандарда коронавирус анықталған жоқ

Пневмониямен ауырғандарда коронавирус анықталған жоқ.

  • 12 Наурыз 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Алматыда пневмония дертінен қаза болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Расымен де, бізде әртүрлі сипаттағы пневмониямен ауырып жатқандар бар. Ауру жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендердің ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылғандар да бар. Қазіргі уақытта 96 адам әртүрлі ауру белгілерімен ауруханада жатыр. Оның 46-сы ем алуда. Олардың бәрі міндетті түрде коронавирус инфекциясы бойынша тексеріледі. Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», — дейді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар