Жарияланды: 630

Ембі қаласында әкімдіктің ғимараты жартылай құлады, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының Ембі қаласында әкімдіктің ғимараты жартылай құлады, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысының Ембі қаласында 5 қарашада сағат 12.00-де қалалық әкімдіктің 1962 жылы салынған жалпы аумағы 1584 шаршы метржі құрайтын төрт қабатты ғимараты кенет жартылай құлап қалды. 120 адам көшірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін