Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне кірісті

Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне кірісті

Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне кірісті

  • 7 Мамыр
  • 6
Фото - Caravan.kz

Владимир Путин ел алдында ант беріп ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Сaravan.kz медиа порталы.

Ресей Президентінің инаугурациясы дәстүр бойынша Үлкен Кремль сарайында өтті. Анттан кейін Владимир Путин азаматтарға үндеу жасады. 

«Біз Ресейді сенімді және адал серіктес ретінде көретін барлық елдермен жақсы қарым-қатынасты нығайтуға ашық болдық. Батыс мемлекеттерімен диалогтан бас тартпаймыз. Ресейдің дамуын одан әрі тежеуге, агрессия саясатын жалғастырып, жылдар бойы қысымды жалғастыру немесе ынтымақтастық пен бейбітшілікке жол іздеу, бұл олардың өз таңдауы. Еуразиялық интеграция жөніндегі әріптестермен, басқа да егеменді даму орталықтарымен бірге біз көпполярлы әлемдік тәртіпті, тең және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз», – деді Владимир Путин. 


Ресей Федерациясы президентін сайлау биыл наурыз айында өтті. Мұнда Владимир Путин 87,28% дауыс жинады. Бұл Владимир Путин үшін бесінші президенттік мерзім. 

Соңғы жаңалықтар