Енді телефон ұстаған әр адам тоғызқұмалақ ойнап, домыра тарта алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді телефон ұстаған әр адам тоғызқұмалақ ойнап, домыра тарта алады

Енді телефон ұстаған әр адам тоғызқұмалақ ойнап, домыра тарта алады

Тоғызқұмалақты енді телефон ұстаған әр адам ойнай алады. Алматылық өнертапқыш бұл ойынның жаңаша электрондық нұсқасын құрастырып шығарды. Енді тоғызқұмалақ ойнау үшін ағаш тақта іздеп жатудың қажеті жоқ.

  • 28 Ақпан 2015
  • 288
Фото - Caravan.kz

Нұржан Төлегенов ойынның мобильді нұсқасын жасауға 2 ай уақытын жұмсаған. Құмар ойындардан гөрі осындай ұлттық ойындарға ден қойғысы келген ол алдымен осы тоғызқұмалаққа тоқтапты. Жалпы тоғызқұмалақтың компьютерге арналған нұсқасы бұрыннан бар. Ал бұл жолы ойын ұялы телефонға шақтап жасалған. Оны жекелей де, екі адам болып та, тіпті, ғаламтор арқылы басқа біреумен де ойнауға болады. Нұржанның тағы бір электрондық туындысы — домбыра. Ұлттық аспапты үйренем дегендер енді телефон арқылы да талаптанып көрсе болады.
 
Нұржан Төлегенов, құрастырушы:

-Негізінен оқушыларға арналған үйрену құралы. Себебі, мектеп жасындағылар көбіне әр түрлі компьютерлік ойындарға құмар. Оның орнына өзіміздің ұлттық ойындарға көңіл бөлсе деймін. Алдағы уақытта басқа да ұлттық ойындардың электрондық нұсқаларын құрастырсам деген ойым бар.