"Енеңмен ұрысу керек болса, ұрыса бер": Жұлдызай Дүйсенбиева келіндерге ақыл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енеңмен ұрысу керек болса, ұрыса бер": Жұлдызай Дүйсенбиева келіндерге ақыл айтты

"Енеңмен ұрысу керек болса, ұрыса бер": Жұлдызай Дүйсенбиева келіндерге ақыл айтты

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өмірден өзін іздеп жүрген адамдар мен оларға ақыл айтатын коучтардың көбейіп кеткенін айтты.

  • 28 Желтоқсан 2023
  • 318
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қазір өзіңді өзің емде, өзіңді өзің тәрбиеле, күліп жүр, ешкімге жылама дейді ғой. Мен жәй өмір сүре берейікші деймін. Азанда тұрайық, тісіңді жуғың келмесе жумай бара берші, онда тұрған ештеңе жоқ. Шәй ішкің келсе іш, май жегің келсе, же, семіріп кетем деп ойлама. Өмір ғой, жылағың келсе жыла, күлгің келсе, күл. Неге біз өмірді қиындатып жатырмыз. Өзімізді қинап шекараға салып қойғанбыз. Енеңмен ұрысу керек болса, ұрыса бер. Онда тұрған не бар, ол да мамаң ғой. Айтқың келгенін айт, ол да айтсын саған. Не енді ол менің енем екен деп ішіңде сақтап, ол ішінде сақтап, екі ортада күйеуіңді құртқанша бар да айт. Ол да айтсын саған. Айдаладағы коучты іздеп, енеммен ұрысып жүрмін не істеймін дегенше. Ол өзіңді өзің тәрбиеле десе, кеттің өзіңді өзің іздеп. Қырыққа келіп өзімді өзім таппай жүрмін деген адамдарға таң қаламын. Қалай таппайды? Алла тағала сені жерге түсірді, барсың, жан-жағыңда адам көріп тұр, қалай таппайсың? Проблема бәрінде бар. Алла проблема берсе, ол шешіледі. Жәй өмір сүре берейікші", —  дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Соңғы жаңалықтар