Енесін арқалаған келіннің әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енесін арқалаған келіннің әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Енесін арқалаған келіннің әрекеті қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Ғаламторда енесін арқасына мінгізіп, үйіне әкеле жатқан келіннің видеосы қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

  • 28 Желтоқсан 2021
  • 88
Фото - Caravan.kz

Желі қолданушылары енесінің аяғын жерге тигізбей арқалап келе жатқан келінге түрлі пікір жазған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Facebook желісінде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда жас келін қартайған енесін арқасына мінгізіп, көтеріп келе жатыр. Әзірге бейнежазбадағы әже мен келіннің кім екені, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Ал желі қолданушылары "Осындай тәрбие берген анасына мың алғыс! Келін, бақытты бол!", "Тәрибелі келін екені көрініп тұр, апамызға Алла ұзақ ғұмыр берсін!", "Мынандайды бірінші рет көруім. Келінжан аман бол",

— деп түрлі тілек жазды желі қолданушылары.