Енесіне жұмыс істетіп, өзі ұйықтап жатқан келін сынға ұшырады (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енесіне жұмыс істетіп, өзі ұйықтап жатқан келін сынға ұшырады (видео)

Енесіне жұмыс істетіп, өзі ұйықтап жатқан келін сынға ұшырады (видео)

Ғаламторда енесінің көзінше ұйқыны сойып жатқан келіннің видеосы пайда болды. Бейнежазба авторы “Қазіргінің келіндерінде ұят жоқ” деп жазған.

  • 24 Қаңтар 2022
  • 1298
Фото - Caravan.kz

Ал енесі келінін қорғаштап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Экспресс К.-ке сілтеме жасап.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған видео қызу талқыланып жатыр. Онда іс тігіп отырған енесі мен көрпенің астында жатқан келінді байқауға болады.

Бейнежазба авторы келіннің бұл әрекетін қатты сынға алды. Ал енесі керісінше келіні ауырып қалғанын айтып, барынша оны қорғаштауға тырысқан.

Желі қолданушылары да "Иә, ауырып жаткан шығар? Екіқабат шығар? Демалсын арасында", "Бір нәрсенің байыбына бармай-ақ мың саққа жүгіртуге алдымызға жан салмаймыз-ау", "Адам ғой, ауырып жатқан шығар", —
деп түрлі пікір қалдырды
.

https://aitube.page.link/n7fw