Бұл туралы Сабина әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды,- деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
""Еш бір еркекті дәл сендей күткен жоқпын, ұлым! Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің!" деп жазды спортшы.
"Әрқайсыңызда тек қуанышты және ұмытылмас оқиғалар болсын. Өмірдің әр сәтінен ләззат алыңыз және бағалаңыз. Барлық махаббат, мейірім бұл сіздің бақытты екеніңізді түсіну.",деді белгілі волейболшы ару.
Сабинаның оқырмандары: "Құтты болсын", "қашан үлгердіңіздер","Аяғыңыз ауыр ма еді?","Жарайсыздар","Күштііііі","Білдіртпей туып ала салыпты, молодец","Бауы берік болсын","Ұлыңыз мықты азамат болсын",- деп өз пікірлерін қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр карантиннің басында тұрмысқа шыққан спортшы өзінің аяғы ауыр екендігін ешкімге жарияламай, құпия ұстап келді. Дегенмен бұл қуанышын көпшілікпен бөліскенді жөн көрген сияқты.
https://www.instagram.com/p/CUrr6TNt5uW/?utm_medium=copy_link