Еңбек демалысынан кейін Швейцарияға барған Назарбаев ДСҰ-ның артықшылықтарын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек демалысынан кейін Швейцарияға барған Назарбаев ДСҰ-ның артықшылықтарын атады

Еңбек демалысынан кейін Швейцарияға барған Назарбаев ДСҰ-ның артықшылықтарын атады

Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануына қолдау білдірген шетелдік әріптестеріне алғыс білдірді. Бұл ретте отандық кәсіпкерлер ұйымның талаптарына сай жұмыс істеуге дайын  деді Елбасы.

  • 29 Шiлде 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымының 162-ші мүшесі ретінде қабылдау салтанаты кеше Швейцарияның Женева қаласында өткенін айта кетейік. Еліміз әлем экономикасының 90 пайызын уысында ұстап отырған ұйымға 96-шы жылдан бері әрекет етіп келген болатын. Бұл ұйымның бірінші кезектегі пайдасы баға түседі. Арзан көлік пен азық-түліктің елімізге ағылатыны сөзсіз. Сондай-ақ инвестиция тартуға да бұл мол мүмкіндік. Енді қаржыны мұнай-газ және тау-кен саласына ғана емес, өндіріске тарту үшін барлық жағдай жасалады, — деді Назарбаев.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазір Қазақстанда жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 18 есе ұлғайып,  Орталық және Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард доллар.  Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 90 пайыздан астамы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан бүгінде әлемнің 185 мемлекетімен сауда-саттық жасайды. Сондықтан біз бизнесті ашық әрі әділ жүргізуге дайынбыз.