Еңбек министрлігі "Көші-қон туралы" жаңа заңның жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек министрлігі  "Көші-қон туралы" жаңа заңның жобасын жасауда

Еңбек министрлігі "Көші-қон туралы" жаңа заңның жобасын жасауда

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Әділет министрлігі бірлесіп "Көші-қон туралы" жаңа заңның жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Біз қазір Әділет министрлігімен бірлесіп көші-қон жөніндегі жаңа заңның жобасын жасайтын жұмыс тобын құрып жатырмыз», — деді Б. Сапарбаев.

Отырыста сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, «көші-қон мәселесін реттейтін заңнаманы жетілдіріп, онда көші-қон мәселелерін реттеуші мемлекеттік органдардың функцияларын реттеуді қарастыру және ішкі көші-қон саласындағы қарым-қатырастарды ретету шарттары мен тәртіптерін нақтылауға бағыттау қажет».

«Еліміздегі заңнамалық актілерде көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты жасау жөніндегі функциялар қарастырылмаған. Қолданыстағы заңнаманың нормалары ескірген, өйткені, олар ішкі және сыртқы көші-қонды реттеуге қатысты барлық мәселелерді қамтымайды», — деді ол.

Мәселен, Б. Сұлтановтың айтқанындай, «Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге салынған шектеуді алып тастау салдарынан, айталық, Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бір мекенжайға 50-80 азамат тіркелуде». «Сонымен бірге, мұндай әрекеттер ІІМ жүйесіндегі көші-қон ағындары бойынша мәліметтер базасының жоғалуына алып келді», — деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті