Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі - Сапарбаев
Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл туралы бүгін Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбындағы форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Жекелеген салалардағы жағдайды алып қарайтын болсақ, еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл салада бір жұмыскерге жылына 210 мың теңге бөлінсе, тау-кен-металлургиясы өнеркәсібінде бұдан біршама аз - 65 мың теңге, ал құрылыс саласында небәрі 5 мың теңге жұмсалады. Тиісінше, еңбек қорғауға қаржы жұмсалмайтын салаларда жарақаттану оқиғалары жиі кездеседі", -деді Б. Сапарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін