ЕО Еуропада Эбола індетіне қарсы тұруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО Еуропада Эбола індетіне қарсы тұруға дайындалуда

ЕО Еуропада Эбола індетіне қарсы тұруға дайындалуда

Еуропалық одақ Еуропада Эбола індетінің таралу ықтималдығына дайын болуы тиіс.

  • 17 Қазан 2014
  • 876
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы денсаулық сақтау және тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі еуропалық комиссар мәлімдеді.

«ЕО зардап шеккен елдерде Эбола індетіне қарсы қазір де,алдағы айларда да күресе бермек, бірақ біз Еуропаның өзіне осы індетке қарсы тұруға дайындықты қамтамасыз етуге міндеттіміз», — деп ол кеше Брюссельде Эбола індетінің таралу проблемасына арналған жоғары деңгейдегі үйлестіру кеңесінде сөйлеген сөзінде атап көрсетті.

Кеңеске одақтың 21 елінің бейінді министрлік өкілдері жиналды.

Еурокомиссар Эбола вирусының енуінен шекараны қорғау шаралары ЕО елдерінің тікелей құзырында екенін растады. Дегенмен, Еурокомиссия ақыл-кеңестер өткізу, мониторингтің ұлттық мүмкіндіктерін күшейту жөніндегі іс-қимылды үйлестіру, денсаулыққа шекарааралық қауіп-қатерлердің ерте алдын алу, бағалау және әрекет етуге жауап береді.