Жарияланды: 310

ЕҚДБ елімізге 6,7 млрд еуро инвестиция құйды

ЕҚДБ елімізге 6,7 млрд еуро инвестиция құйды

Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізге 215 жобаны қаржыландырды. Бұл қаражат 6,7 миллиард еуроны құрайды. Бүгін Астанада бас қосқан беделді қаржы мекемесінің өкілдері хабарлады. Сондай-ақ Қызылорда облысындағы «Қорқыт ата» әуежайында жолаушылар терминалы үшін 1,7 миллиард теңге несие беріледі. Ал Батыс Қазақстан облысындағы жылу жүйелерін жаңғыртуға 10 миллион еуро бөлінбек.

- Біздегі «Жайық жылу» жүйесі өткен жылдан бері тұрған мәселе. Сондықтан бұл жобаны қолдап отырмыз. Негізі банкпен келіскенде қайтарым 4,5-5% деп отырмыз. Бірақ ол ұзақмерзімді. Сондықтан жергілікті бюджеттен де қосымша бөлінетін болады. Ол келісім-шартқа сәйкес солай. Бізге тиімді. Өйткені басқа банктер ондай пайызбен бермейді, дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі.

- Бүгін біз Қазақстан Үкіметінің өкілдерімен кездестік. Түрлі секторларда бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобалар жайлы сөз қозғадық. Біздің банк тек соңғы үш жыл ішінде Қазақстан экономикасына 1,7 миллиард еуро инвестиция құйды. Бұл сома 3 жыл бұрын бөлінген қаржаттан 2 есе артық. Осы әріптестігіміз әрі қарай да жалғаса береді деп ойлаймын, дейді ЕҚДБ директорлар кеңесінің мүшесі, Рафаэл Белло.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін