Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының айтуынша, республиканың СІМ тарапынан тиісті шақыртулар ЕҚЫҰ, Еуроодаққа, ТМД және ГУАМ ұйымдарына жолданған. Сонымен қатар, парламент тарапынан ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі және ТМД парламенттік ассамблеяларының бақылаушыларына да шақырулар жіберілген.
«ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы өз жауаптарын берді. ЕҚЫҰ делегациясына словениялық дипломат Борис Фрлиц жетекшілік жасайды. Оған 30 ұзақ мерзімді және 450 қысқа мерзімді бақылаушылар кіреді. Ұзақ мерзімді бақылаушылар легі Әзербайжанға 7 қыркүйектен бастап келе бастайды. 30 адамнан тұратын Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының бақылаушылар миссиясына Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының Әзербайжан жөніндегі қосалқы баяндама жасаушысы Андрес Херкель басшылық жасайды», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті