«ЕҚЫҰ мүшелерінің барлығының ұстанымы біреу — біз Грузияның аумақтық тұтастығын сақтауымыз керек. Ешкім де аумақтық тұтастыққа қол сұқпауы керек», — деп мәлімдеді Й. Леннмаркер.
Ол БҰҰ Абхазия жөніндегі шешім қабылдауға, ал ЕҚЫҰ соның қалай жүзеге асатына жауап беретінін еске салды. «Біз келісімді, осы қақтығыстың шешімін тапқымыз келеді», — деп атап өтті ЕҚЫҰ ПА төрағасы.
«Алайда, ең бастысы — Грузия мен ЕҚЫҰ басқа да мүшелерінің аумақтық тұтастығын сақтау болып табылады», — деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті