ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз қатысушыларын журналистерге өз жұмысын нәубет немесе қасастықтан қорықпай атқаруға мүмкіндік жасап беруге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз қатысушыларын журналистерге өз жұмысын нәубет немесе қасастықтан қорықпай атқаруға мүмкіндік жасап беруге шақырады

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз қатысушыларын журналистерге өз жұмысын нәубет немесе қасастықтан қорықпай атқаруға мүмкіндік жасап беруге шақырады

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы өз қатысушыларын журналистерге өз жұмысын нәубет немесе қасастықтан қорықпай атқаруға мүмкіндік жасап беруге шақырады. Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының жыл сайынғы 17-ші сессиясында қабылданған Астана декларациясында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 375
Фото - Caravan.kz

«Ассамблея барлық ұйымға қатысушы мемлекеттерді журналистерге өз жұмысын нәубет немесе қасастықтан қорықпай атқаруға мүмкіндік жасап беруге шақырады. Және журналистердің тексерулер жүргізу мен кез-келген әрекеттер жайлы жазу, соның ішінде мемлекеттік органдардың кез-келген заңсыз әрекеттері туралы жазуға құқылы екенін тағы бір мәрте растайды», — делінген декларация мәтінінде.

«Ассамблея қарулы қақтығыс аймақтарында жұмыс істеп жатқан журналистер мен БАҚ қызметкерлері азаматтық тұлғалар ретінде қарастырылуға және сондай тұлғалар ретінде құрмет пен қорғауға ие болуға тиіс деген пікірде. Ассамблея ұйымға біріккен елдерді қарулы қақтығыстар кезінде журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің кәсіби тәуелсіздігі мен құқықтарын сақтауға шақырады», — делінген құжатта.

Декларацияда атап көрсетілгеніндей, «азаматтық қоғам бірлестіктер құруға, яғни, саяси партиялар мен бейресми ұйымдар құруға құқылы және оларға мемлекеттік органдар тарапынан артық әрі өте қатал талаптар қойылып, алалануға тиіс емес».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті