«Түрлі елдердегі жеке меншік әскери және күзет компанияларының қорғаныс, даму және қауіпсіздік бағдарламаларын жүзеге асыруға мейлінше кең көлемде жұмылдырыла бастауын мойындай отырып және халықаралық құқық саласында олардың іс-қызметін реттейтін қандайбір ерекше нормативтік базаның жоқтығын атай отырып, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы мемлекеттерді жеке меншік әскери және күзет компанияларына парламенттік қадағалау орнатуға шақырады»,- делінген декларация мәтінінде.
Сонымен бірге, парламенттік ассамблеяға қатысушылар жеке меншік әскери және күзет компанияларын әскери шиеленістер мен шиеленістерден кейінгі жағдайларда пайдалану мәселелерін жан-жақты талқылауды ұсынады.
«Ассамблея келісім-шарттар бойынша жеке меншік әскери және күзет компанияларын жалға алған қатысушы елдерді сол шарттарға халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарына қатысты міндеттемелерді де қамтып, тиісті мінез-құлық кодексін қабылдап, осындай құжаттарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік жүктеуді қарастыруға шақырады», — делінген декларация мәтінінде.
Ассамблеяға қатысушылар ұйымға мүше елдерге алғашқы қадам ретінде әскери шиеленістер мен шиеленістерден кейінгі жағдайларда жеке меншік әскери және күзет компанияларын пайдаланудың басшылыққа алатын принциптерін және оларды пайдаланудың заңдық тұрғыда міндетті ережелері мен процедураларын дәйектеуді нұсқайды.
«Ассамблея әрбір қорғаныс министрін жеке меншік компанияларды өзіне қарасты қарулы күштерде пайдалануға берілген бағаны таныстыруға шақырады»,- делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті