ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы мемлекеттерге кассеталы оқ-дәрілерді жоюды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы мемлекеттерге кассеталы оқ-дәрілерді жоюды ұсынады

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы мемлекеттерге кассеталы оқ-дәрілерді жоюды ұсынады

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы ұйымға қатысушы мемлекеттерге өз иелігіндегі кассеталы оқ-дәрілерді жоюды ұсынады. Бұл туралы Астанада Ассамблеяның жыл сайынғы 17-ші сессиясында қабылданған ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының "ЕҚЫҰ мемлекеттерінде кассеталы оқ-дәріге тыйым салу" атты резолюциясында айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Ассамблея ұйымға қатысушы мемлекеттерге өз қарамағындағы немесе бақылауындағы барлық кассеталы оқ-дәрілерді 2008 жылдың 30 мамырында Дублинде қабылданған кассеталы оқ-дәрілер туралы конвенцияның талаптарына сәйкес жоюды немесе жоюды қамтамасыз етуді ұсынады», — делінген құжатта.

Осыған байланысты қатыушы елдерге » кассеталы оқ-дәрілерді пайдалану, жасау, өндіру, сатып алу, қорын жинау, сақтау немесе жалғастыруға тыйым салу бағыттында барлық тиісті ұлттық шараларды» қолдану ұсынылған. «Ассамблея ұйымға мүше елдерді 2008 жылдың 30 мамырында БҰҰ мүше елдердің басым бөлігі Дублинде қабылдаған кассеталы оқ-дәрілер туралы конвенцияға тез арада бірігуге және оған Осло қаласында 2008 жылдың желтоқсан айында қол қоюға міндеттеме жүктеп алуға шақырады», -делінген резолюцияда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті