ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Украинадағы аштыққа байланысты резолюция қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Украинадағы аштыққа байланысты резолюция қабылдады

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Украинадағы аштыққа байланысты резолюция қабылдады

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Украинадағы аштыққа байланысты резолюция қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Шiлде 2008
  • 611
Фото - Caravan.kz

Резолюция «барлық парламентшілерге Украинада аштық болу дерегін мойындау үшін шара қолдануды шегелей ұсынады», -делінген құжат мәтінінде.

«ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы 1932-1933 жылдары сталиндік төрешілдік режимінің саясаты мен қасақана іс-әрекеттеріне байланысты қолдан жасалған жаппай аштық салдарынан жазықсыз құрбандыққа шалынған миллиондаған украиндықтарды құрметпен еске алады», — делінген құжатта. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы бұған қоса Украинаның «украин халқының басына төнген осынау трагедияға қатысты барлық шындықтың бетін халықаралық және ұлттық деңгейлерде аштық жайлы ағартушылық жұмыстар жүргізу арқылы ашу» жөніндегі бастамасын қолдайды.

Қазақстан мен Ресей өкілдерінің қарсылығына қарамастан, резолюция қабылданды. «Аштық тек Украинада ғана болмағанын, бұл трагедиядан орыстар, поляктар, қазақтар мен басқа да халықтардың зардап шеккенін мойындауымыз керек», — деді ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының бейсенбі күні Астанада өткен жалпы отырысында Ресей делегациясының өкілі Наталья Карпович.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз тарапынан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы «аштықтың тек Украинада ғана емес, КСРО-ның басқа да көптеген өңірлерінде болғанын мойындауы тиіс» деген пікір білдірді. «Меніңше, біз Сталин режимінің тоталитарлық сипатын дәлелдейтін нақты заңдық және саяси құжаттарды басшылыққа алуға тиіспіз», — деді Қ.Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті