ЕҚЫҰ-ына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші отырысы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ-ына  мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші отырысы ашылды

ЕҚЫҰ-ына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші отырысы ашылды

Мадрид. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 29 - 30 қарашасында өтетін ЕҚЫҰ-ына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші отырысы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің арнаулы тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің екі күндік кездесуінің күнтізбесінде бірқатар мәселелер қойылған, соның ішінде Қазақстанның ЕҚЫҰ -ына 2009 жылы төрағалық ету жөніндегі өтініші қаралады. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім 30-қарашада — Сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысының соңғы күнінде қабылданады деп күтілуде.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің бірінші жұмыс күнінде ЕҚЫҰ мүше әрбір елдің өкілдерінің басшылары — сыртқы істер министрлері баяндама жасайды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясат мекемесінің басшысы М. Тәжин түске дейін баяндама жасайды деп күтілуде.

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылдың желтоқсанында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық етуге берген өтінішін қарау мерзімі 2007 жылы Мадридте өтетін Сыртқы істер министрлері кеңесінің 15-ші отырысына қалдырылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті