Ер адам Қытайдан заңсыз 600 келі футболка алып өтпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адам Қытайдан заңсыз 600 келі футболка алып өтпек болған

Ер адам Қытайдан заңсыз 600 келі футболка алып өтпек болған

«Қорғас» өткізу пунктінің қазақстандық шекарашылары тәулік ішінде футболка және ұялы телефон - жүгімен екі қазақстандықты ұстады.

  • 25 Мамыр 2016
  • 302
Фото - Caravan.kz

ҚР ҰҚК ШҚ  баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Қазақстанның 24 жастағы азаматы алты центнер футболка алып өтпек болған. Ол Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға бет алған.

Осы күні 27 жастағы қазақстандық «Samsung» маркалы 15 ұялы телефонды шекарадан заңсыз өткізбекке әрекеттенген. Ол да Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан Қазақстанға өтпек болған. Гаджеттер жүксалғыштан табылды.

Барлық факті бойынша бірлесе іс-қимыл жасайтын органдар қызметкерлері хабардар етілді.