Жарияланды: 390

Ердоған Ангела Меркельді терроризмді қолдап отыр деп айыптады

Ердоған Ангела Меркельді терроризмді қолдап отыр деп айыптады

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельді террористерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптады. Бұл сөзін Түркия басшысы Haber Turk телеарнасында болған сұхбатта мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркия билігі Германияда жүрген 4,5 мың лаңкеске қатысты дәйекті құжаттарды Канцлер командасына ұсынған. Алайда, Германия әліге дейін ешқандай шара қолданбаған. «Меркель ханым, сіз лаңкестерді қолдап отырсыз»,— деп мәлімдеді Ердоған тікелей эфир барысында.

Ал, неміс канцлерінің өкілі Штеффан Зайберттің айтуынша, Ердоғанның таққан айыптары негізсіз. «Канцлер мұндай арандату ойынын ойнамайды. Бұл айыптаулар нағыз сандырақ», — деді ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта Түркия мен Германия арасындағы саяси қатынас нашарлап барады. Жуырда ғана Стамбұлда Түркия құқық қорғаушылары Германияның түрік журналисі Дениз Юджелді ұстаған болатын. Оған "неміс тыңшысы" деген айып тағылып отыр.

Ал, 5 наурыз күні Германия түріктері Ердоғанды қолдау үшін митинг өткізбек болған. Алайда, жергілікті билік бұл бейбіт шеруге тыйым салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін