Ердоған: егер де мен қонақ үйде 10-15 минутқа бөгелсем, мені өлтіретін еді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоған: егер де мен қонақ үйде 10-15 минутқа бөгелсем, мені өлтіретін еді

Ердоған: егер де мен қонақ үйде 10-15 минутқа бөгелсем, мені өлтіретін еді

Түркия президенті Таип Ердоғаннің мәлімдеуінше, егер де ол Маримарис қаласындағы қонақ үйде тағы 10-15 минутқа бөгелгенінде, мемлекеттік төңкеріске әрекет кезінде оны өлтірген болар еді.

  • 19 Шiлде 2016
  • 362
Фото - Caravan.kz


"Мармаристе маған қарсы операция болды. Менің екі күзетшімді өлтірді. Егер де мен 10-15 минутқа бөгелсем, мені өлтіріп немесе тұтқынға алар еді", — деп мәлім етті Түркия президенті CNN телеарнасындағы эфирде.

Сондай-ақ, Ердоған Мармарис қаласында отбасымен демалыста болғанын айтты. "Он бесі күні мен Мармаристе болдым, біз бес күндік демалыста болатынбыз. Кешкі ондар шамасында маған Анкара, Стамбұлда және басқа жерлерде қозғалыстың болып жатқандығы туралы баяндады… Біз қонақ үйден кету туралы шешім қабылдадық", — деді Ердоған. Содан кейін,  телефонмен бейне баланыс арқылы халыққа үндеу жасап, көшеге шығуға сұрағандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар