Ерейментау ауданында жауын-шашын салдарынан 1300-ге жуық ұсақ мал шығын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерейментау ауданында жауын-шашын салдарынан 1300-ге жуық ұсақ мал шығын болды

Ерейментау ауданында жауын-шашын салдарынан 1300-ге жуық ұсақ мал шығын болды

Ерейментау ауданында толасыз жауған жаңбыр мен ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан

  • 8 Шiлде 2015
  • 803
Фото - Caravan.kz

бірқатар елді мекендегі шаруа кожалықтар мен жеке қорадағы ұсақ қара малдар жаппай қырылып қалды.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, шілденің 6-сы күні малдардың жаппай қырылу оқиғасы Қойтас және Үленті селолық округтеріндегі 6 шаруа қожалығы мен жеке меншік қораларда тіркелген. Мұндағы алдын ала есеп бойынша өлген ұсақ қара малдың саны 1261 жеткен. Оның ішінде «Береке» шаруа қожалығында 419 бас қой-ешкі шығын болса, 54-і пышаққа ілінген. Қазіргі кезде өлген малдар жерге көміліп, табиғат апатынан кетірілген шығын көлемі есептелуде.

Еске сала кетсек, шілденің 6-сы күні Ерейментау ауданында нөсер жауын жауып, ауа райы плюс 5 және 7 градусқа дейін төмендеді. Ал кейбір аудандарда бұршақ (диаметрі 2-3 см) аралас жаңбыр аралас жауған.