Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы нысандар құрылысы проблемасы Қазақстанның барлық аймақтары үшін өзекті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы нысандар құрылысы проблемасы Қазақстанның барлық аймақтары үшін өзекті

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы нысандар құрылысы проблемасы Қазақстанның барлық аймақтары үшін өзекті

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы нысандар құрылысы проблемасы Қазақстан Респуликасының барлық аймақтары үшін өзекті, деп мәлім етті кеше Қазақстан Республикасының бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев Алматыдағы құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында.

  • 30 Қазан 2007
  • 1981
Фото - Caravan.kz

«Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарындағы нысандар құрылысы проблемасы Қазақстанның барлық аймақтары үшін өзекті»,- деп мәлім етті Қазақстан Республикасының бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев Алматыдағы құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында.

«Өзен, көл, су бөгендерінің жағалауларында, сонымен қатар ұлттық саябақтар аумағында қарқынды құрылыс жүріп жатыр»,- деп атап көрсетті ол.

Атап айтқанда, «тек Қапшағай су бөгенінің солтүстік жағалауынан заңды және жеке тұлғаларға демалыс базасын салу үшін 400-ден астам жер телімдері берілген»,- деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.

Сонымен қатар, А. Дауылбаевтың айтуынша, «Түрген шатқалындағы Түрген өзенінің су қорғау аймағында ат қорасы мен ит қорасы бар «Стетсон» қонақ үй кешені салынған, ол су кемерінде орналасқан. Осы шатқалдағы Тескенсу бұлағының жоғарғы бөлігіндегі Түрген аулындағы 11,5 мың адамды сумен қамтамасыз етіп тұрған су жинағышында қатаң режимдегі санитарлық қорғау аймағында 2 тұрғын үй нысаны, 2 бассейн, сонымен қатар сауналар салынған, ал ағызынды сулары Тескенсу бұлағына құйылады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті