Ереванда ереуілшілер тарқай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ереванда ереуілшілер тарқай бастады

Ереванда ереуілшілер тарқай бастады

Еревандағы ереуілдерден кейін көлік қозғалысын қалпына келтіру мүмкін болмай отыр. Полиция Армения астанасындағы Барамян даңғылында өткен атпа бойы электрдің қымбаттауына наразылық білдірген жұртқа нақты шара қолдана алмауда.

  • 30 Маусым 2015
  • 187
Фото - Caravan.kz

Дегенмен өткен түні шерушілер мен Үкімет мүшелері бір келісімге келіп, тарқасуды жөн көріпті. Тәртіпсіздікке жол берілмейді деп уәде берілген соң ішкі әскер қызметкерлері алаңнан шеттетілген. Сонымен қатар, қымбаттаған электр энергиясының құны мемлекет тарапынан төленеді деген хабарлама келген соң, толқулар басылған. Нәтижесінде таңға жуық Ереван орталығында мыңдаған адамнан құралған топтан тек оншақтысы ғана қалды. Соған қарамастан көлік қозғалысын қалпына келтіру мүмкін емес. Себебі, қоқыс жәшіктерінен жасақталған баррикадаларды бұзуға шерушілер рұқсат етпей отыр. Ал полиция уәде еткендей күш қолданбауда.