Ереванда ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді
Алматы. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ереванда 21-22 тамызда ҰҚШҰ елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңестің жиналысына ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов, қорғаныс вице-министрі Болат Жаңасаев және оперативтік жоспарлау департаментінің бастығы подполковник Әлімов қатысады.
Күн тәртібінде әскери құрылыс мәселесіне арналған 20 -дан астам мәселе қаралады.
Сондай-ақ, 18 - 22 тамызда Арменияда ҰҚШҰ елдерінің "Шеп - 2008" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының үшінші және төртінші кезеңдері өткізіледі.
1992 жылдың мамыр айында құрылған ҰҚШҰ-ына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін