Еріктілер үй тұрғызуға қаржы жинап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еріктілер үй тұрғызуға қаржы жинап жатыр

Еріктілер үй тұрғызуға қаржы жинап жатыр

Cіздің көмегіңізбен салынған шаңырақ! Алматыда осындай атаумен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Шара «Сәбимен отбасының сәні кірер» жобасы аясында ұйымдастырылған. Басты мақсат еліміздегі алғашқы кәсіби патронатты отбасын баспанамен қамтамасыз ету.

  • 17 Желтоқсан 2013
  • 194
Фото - Caravan.kz

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қазірдің өзінде үйдің іргесінде қаланып үлгерген. Енді азын-аулақ жұмыстарына қаражат тапшы болып, осындай қадамға бардық дейді ұйымдастырушылар. Нәтиже де жаман емес. Жәрмеңкенің көмегімен 2 млн теңгедей жиналған. Демеушілердің дені құрылыс материалдарымен  жәрдемдесуге уәде етіпті. Жалпы қайырымдылық шарасында 50-ге жуық ерікті жастар, әншілер мен бишілер өнерлерін ортаға салды. Осыдан түскен қаржының барлығы бала асырап, жетімдерді жебеп жүрген кәсіби патронатты отбасының шаңырағына жұмсалмақ.


Қарлығаш Үтембаева, волонтер:

-Осы шараның арқасында түрлі компаниялар көмек көрсетуге ниет білдірді. Қаржылай болмаса да, құрылыс заттарды тегін бермек. Мұқтаж жандарға қол ұшын беру әрбіріміз үшін міндет.